2,5 млн теңгеге салынған киіну бөлмесі

Ақмола облысында 2,5 миллион теңгеге салынған киіну бөлмесінің сапасы сын көтермейді. Неге?

Құжаттарға сәйкес стадиондағы киіну бөлмесінің құны 2 641 955 теңгені құрайды.

Бұл туралы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұловтың облысқа жұмыс сапары барысында белгілі болды.

«Киіну бөлмесі» деп аталатын ғимараттың сапасы сын көтермейді. Құжатта ғимарат әдемі сипатталғанымен, шынайы күйі шындыққа жанаспайды - Дидар Смағұлов.

62dfe004232d8823678608.jpg

Сонымен қатар, қоғамдық бірлестік директоры өткен жылы жалпы сомасы 369 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткен Ақкөл қаласының №3 мектебі мен 60 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілген спорт нысандарына барып қайтты.

Мектепті комиссиялық тексеру барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Келісім-шарт ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады, мердігердің барлық ескертулерді жоюға мүмкіндігі бар. Тапсырыс беруші тарапынан барлық ұсыныстардың нақты орындалуына басты назар аудару қажет.

295851657_5182675038447840_3613669769256332393_n.jpg

«Бүгінде жергілікті атқарушы органдар тапсырыс берушілердің бюджет қаражатын тиімсіз игеру проблемасы туралы жиі айтады. Қоғамдық бірлестік ретіндегі ұстанымымыз – ең алдымен азаматтардың мүддесі мен қауіпсіздігі, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуы. Бюджет қаражатын жалған игеруден бас тартатын кез келді, түптеп келгенде, бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілік туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар, «Мен сарапшы емеспін, құрылысшы емеспін» деген сылтауларды да қою керек. Жөндеу объектілеріндегі қателіктер мен сәйкессіздіктерді бірден байқауға болады. Қазіргі жағдайда сақинасы жоқ баскетбол алаңы, тозығы шыққан футбол алаңдары, ішкі безендіруі жоқ балалар киім ауыстыратын бөлме және т.б. Бұл жерде маман болудың қажеті жоқ, жауапты тұтынушы болып, балалардың қауіпсіздігі мен болашағына алаңдайтын ата-аналар қауымы жағынан әрекет ету жеткілікті», - дейді «Әділдік жолы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Дидар Смағұлов.

Сондай-ақ, ол Ақкөл ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша «Әділдік жолы» ҚБ Ақмола облысы бойынша филиалы тұтынушыларға әрі қарай тиісті шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына тиісті хаттар жолданатынын жеткізді.