8 жылдан бері салынып жатқан Рудный цемент зауыты екі жылда небәрі 400 тонна өнім шығарған

8 жылдан бері салынып жатқан Рудный цемент зауыты екі жылда небәрі 400 тонна өнім шығарған

Қазір зауыт басшыларының жұмысшылар алдында берешегі бар

Қостанай облысы Рудный қаласында салынып жатқан цемент зауыты жұмысын бастаған 2 жылдан бері небәрі 400 мың кг өнім шығарыпты. Ал, 8 жылға созылған құрылысқа 97 млн доллар жұмсалған.

«Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов зауыттың құны 97 млн доллар деген еді. 2018 жылы зауыт ашылғанда, кейін, 2019 жылы сол кездегі премьер Асқар Мамин барғанда, әкім зауыттың болашағы зор және цемент сатамыз деп сендірген еді. Ал, біздегі мәлімет бойынша, екі жыл ішінде зауыт небәрі 400 000 келі цемент шығарған», - деп жазды Д.Смағұлов.

Кеткен шығын мен шығарған өнімді есептесе 1 кг цементтің құны 116 мың теңге болады екен. Ал, оны зауыт қазір 33 теңгеден сатуда.

Зауытқа қанша қаражат құйылды?

Кәсіпорынның ашылу салтанатында (2018) жылы Архимед Мұхамбетов зауытқа қандай көздерден және қандай инвестиция салынғанын мәлім еткен еді.

«Бизнестің жол картасы-2020» жобасының аясында ғана Сбербанк алдында 1,350 млрд теңге субсидия бар. Инженерлік коммуникацияға 750 млн, несие бойынша кепілдеме ретінде 730 млн теңге өлінген. Қазір теміржол құрылысын аяқтап жатырмыз, оның құрылысына 600 миллион теңге», - деген еді Архимед Мұхамбетов.

Дидар Смағұловтың жазуынша, қазір зауыттың жұмысшылары алдында берешегі бар.