Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет енді «Әділдік жолы» РҚБ-мен бірге қызмет жасайтын болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Әділдік жолы» РҚБ-мен бірге белсенді қызмет жасайтын болады. Тиісінше меморандумға 9 желтоқсан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев және «Әділдік жолы» РҚБ кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов қол қойды деп хабарлайды Liter.kz.

Ынтымақтастықтың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, адалдық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға әкелетін себептер мен жағдайларды жою болып табылады.

«Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кеңінен тартылуы еліміздің және агенттік басшылығының негізгі басымдығы болып табылады. Бұл – азаматтардың және жалпы қабылданған халықаралық стандарттардың талаптарына жауап беретін заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың түйінді міндеті. Сыбайлас жемқорлық – қастық, онымен күресу әркімнің борышы!» - деп атап өтті Алик Шпекбаев.

«Сыбайлас жемқорлық біздің қоғамымыздың кеселі болып табылады, ол біздің рухани қағидаларымызға қауіп төндіреді, әлеуметтік әділдікті кетіреді және де еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша маңызды факторларды бірі ретінде халықтың елімізде болып жатқан сыбайлас жемқорлық оқиғаларына немқұрайлы қарым-қатынасы болып табылады», - деп баса айтты Исламбек Салжанов.

Сондай-ақ ол Қазақстанның әрбір азаматының қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою күресіне тартылуы мен .үесінің маңыздылығын атап өтті. Аяғында қатысушылар барлық азаматтарды еліміздің амандығы мен өркендеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бірігуге шақырды!