Қазақстанда тегін заңгерлік көмек қосымшасы іске қосылды

Бұл «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Республикалық заң консультанттары алқасының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жасасу шеңберінде мүмкін болды. Меморандумның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату және құқықтық көмек ауқымын кеңейту.

Қазіргі сәтте алқаға шамамен 3000 заң консультанттары кіреді. Бұл әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар мен ауылдық тұрғындар үшін өзекті, енді олар үйден шықпай-ақ, тегін кешенді заңгерлік көмек ала алады. Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай: Меморандумның мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж топтарына және басқа да азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Құқықтық ағарту, әсіресе мұқтаж жандар арасында, құқықтық мемлекеттің нығаюына қызмет ететін болады.

«Әділдік жолы» РҚБ төрағасы Дидар Смагулов баяндағандай: «Халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдісі болып табылады. «LawCenter» қосымшасы құқықтық көмекті ауқымдырақ ұйымдастыруға мүмкіндік береді. қосымшаны жүктеп алатын әрбір қазақстандық өзінің сауалын қоюға және оны заң консультанттарына бағыттауға мүмкіндік алады». Халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату сыбайлас жемқорлыққа іс-қимылдың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан «Әділдік жолы» РҚБ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірқатар жобалар іске асырылатын болады.