РҚБ жұмысы
«Әділдік жолы» РҚБ «Әділдікті талап ет!» жобасын бастайды

«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп республика бойынша «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқанын бастайды. 

Науқанның басты мақсаты – қоғам арасында жемқорлыққа төзімсіздік ортасын қалыптастырып, бұл үрдіске ел азаматтарын барынша жұмылдыру. 

Аталмыш іс-шара жемқорлықтың болуы немесе орын алуы мүмкін деген, қоғамды алаңдататын мәселелердің кең ауқымын кезең-кезеңімен қамтитын болады. 

Бірінші кезеңде автожол саласындағы мәселелерге тоқталып, жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтауға назар аударылады. 

Сапасыз жолдардың фото-видеоларын adildik.kz сайтына жолдаңыз немесе 1463 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

#AdildikJoly